Ақсуда 7 жасар ұлды Аманаттық шенеунік зорлады деген ақпарат тарады

19.08.2024, 15:13
1196
Ақсуда 7 жасар ұлды Аманаттық шенеунік зорлады деген ақпарат тарады depositphotos.com

Аманат партиясы Жетісу облысында ұсталған күдікті шенеулік пе деген сұраққа жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында педофил ұсталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Ақсу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

 

– Күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қажетті сот сараптамаларын тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу шеңберіндегі өзге де деректер ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде таратылуға жатпайды, – деп хабарлайды Ақсу аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін БАҚ ұсталған күдікті Аманат партиясының Ақсу аудандық филиалының басшысы Серікқан Жақыпов екенін жазған еді. Ulysmedia.kz порталы партияның баспасөз қызметіне хабарласқан.

– Биыл тамызда Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы филиалдарының ешбір қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ және қандай да бір қылмыстық іс бойынша күдікті саналмайды. Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы С. Жақыповқа келетін болсақ, ол осы жылы 1 тамызда өтініш беріп, өз еркімен жұмыстан босады, – деп хабарлайды  «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Партия құқық қорғау органдарына осы оқиға бойынша тиісті сұрау салатынын хабарлайды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды