«Диқандардың еңбегін бағалайық»: Нұрлан Қоянбаев жолда тұрған саудагерлерден 2 тонна қарбыз сатып алды (ВИДЕО)
Қарбыз сатушылардың саудасын жүргізуге көмектесті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Отандық танымал актер әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев жолда қарбыз сатып тұрған диқандардың саудасын жүргізуге көмектесіп жатыр. Өнер иесі олардың біреуінен 2 тонна қарбыз сатып алған.
Нұрлан Қоянбаев Instagram-дағы парақшасында арнайы челлендж бастап, оқырмандарын игі іс жасауға шақырды.
"Биыл қарбыз-қауынның бағасы түсіп, сауда бәсеңдеген. Сондықтан, диқаншыларымызға халық боп, бірге қолдау білдірейік! Әр қазағым жалғызым! Күшті өмір сүрейік", - деп үндеу жасады актер.
Өнер иесі өзі де жолдан тоқтап, сатушылардың бірінен 2 тонна қарбыз сатып алған.
"Бүгін 2 тонна қарбыз сатып алдық! Жақсылық жасап, жарысайық", - деді Қоянбаев.
Сонымен қатар кинопродюсер жолда өтіп жатқан көліктерді тоқтатып, диқандардың қарбызын сатуға көмектесті.
Материал авторы