Оқушыларымыз Грекиядағы робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада ел намысын қорғайды

19.08.2024, 18:40
1517
Оқушыларымыз Грекиядағы робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада ел намысын қорғайды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Мектеп оқушылары дүниежүзілік олимпиадаға аттанады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Tech Cup X» оныншы мерейтойлық чемпионаты аясында Алматы қаласының білім басқармасы мен Ustem Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған FIRST GLOBAL Challenge робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадаға ұлттық іріктеу өтті.

 Аталған байқауда 190-нан астам елдің жас инженерлері өзара бақ сынасты. Кей өңірлерде іріктеу онлайн режимде өтті. Іріктеу кезеңіне Қазақстаннан 40-қа жуық команда, сондай-ақ Өзбекстан мен БАӘ-ден командалар қатысты.

 Дүниежүзілік кезеңге қатысуға алматылық ФМБ НЗМ-нің Сristabol командасы жолдама алды. Команда құрамында 11-12 сынып оқушылары Досжан Дайран, Нуржан Кокеев, Әлфия Байжақып, Дастан Қадылбек және Ердәулет Тургенбаев бар.

Чемпионатқа робототехника, зымыран, дрон және жасанды интеллект бағыттары бойынша 1500-ден астам қатысушылар мен қонақтар жиналды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл сала бойынша Қазақстан екі дүркін әлем чемпионы болып табылады. Жас қазақстандықтар 2022 жылы Женевада әлем чемпионы атанып, 2023 жылы Сингапурдағы жарыста екінші мәрте жеңіске жетті.

First Global Challenge Дүниежүзілік кезеңі Афинада 2024 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында өтеді

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады