«Мұнайлы астана екенін тек жазуына қарап білесің»: Атырауда 4 миллиард теңгеге салынған саябақ сынға ұшырады (видео)

Аиса Махамбет Редактор
20.08.2024, 13:49
1102
«Мұнайлы астана екенін тек жазуына қарап білесің»: Атырауда 4 миллиард теңгеге салынған саябақ сынға ұшырады (видео) жеке мұрағатынан

Атырауда 4 жыл бұрын салынған Жастар саябағын сәулетші Елзат Мұқаш сынға алды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Елзат Мұқаш саябақ ішінде жөнсіз орналастырылған орындық пен алаңқайды сынап тастады. Сөзінше, Атыраудың мұнайлы астана екенін тек жазуына қарап білесің. 

“Данышпан жобалаушының жұмысы ғой мынау. Мына орындықта Атыраудың ыстығында, күннің астында отырасың. Алдыңда көлеңке тұрады. Әттең орындық мына көлеңкенің астында болғанда ғой” деп армандап отырасың. Қалада жүріп, қирап-шіріп жатқан заттарды көріп, Атырау-мұнайлы астана екенін, жазуға ғана қарап білетін сияқтысың”, – деді блогер. 

Сәулетшінің сөзінше, халқын сыйлайтын мемлекет бәрін ел тұрғындарына ыңғайлы етіп жасап қояды.

“Атырауда 4 миллиард теңгеге не істеді десеңіздер, екі километр жерге брусчатка төсеп, ыңғайсыз орындықтар орнатып, арзан керамограниттерді жапсырып қояды. Олардың өзі қирап, түсіп жатыр. Халқын сыйлайтын мемлекет судың жағасын ыңғайлы етіп жасап қояды”, – дейді ол.

Сәулетшінің сынын желі қолданушылары қолдап, оң пікірін білдірді.

“Сізді күтіп жүр едік! Керемет! Дұрыс айттыңыз! Атырауға бір жанашыр басшы адам жоқ!”, “Жұмысымның арқасында екі рет бардым Атырауға. Жан жаққа қарап жүрегім ауырды. Сонша байлық бар жерде билік халыққа көрсетіп тұрып, “қараңдар біз жеп жатырмыз” деп өмір сүріп жатқандай”, “Өте ұят екен, мұнайлы Атыраудың осындай жағдайда болуы өте аянышты. Дубай сияқты көрікті қала салса да жарасатын мұнайлы аймақтың халқына бұл сын”, “Қазақстанның барлық қаласы сондай, халыққа үкіметтің жаны ашыса, үйі жоқ, жұмысы жоқ қазақтар болмайтын еді. Байлық деген жерімізде игерімсіз жатыр, игеруге рұқсат бермейді, рұқсатсыз игерсе қамайды. Айта берсең көп”, – деп жазды олар. 

Аталған сынға Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы жауап берді. 

“Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Аталған ақаулықтар қаламыздың тұрғындарын және мүлкін сақтап қалу мақсатында табиғи сипаттағы төтенше жағдай уақытында бөгет жұмыстарын жүргізу кезінде арнайы ауыр техникалардың қажет материалдарды тасымалдау кезінде келтірілген зардаптар. Қазір бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін жұмыстардың шығыны анықталды. Қалыпқа келтіру тамыз айында басталып, оны жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады