1228

Әнші Әділет Жауғашардың такси жүргізушісі болып кетті

Оны тыңдармандары танып қойған.

Әнші Әділет Жауғашардың такси жүргізушісі болып кетті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Әділет Жауғашар такси жүргізушісі болып жүр. Өнер иесі жаңа қызметінде түсірген видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Бірақ бұл әншінің жеке концертіне дайындығы ғана боп шықты.

Әділет Жауғашар "Әділетті Taxi" деп аталатын айдарында көлікке жолаушыны отырғызып, артынша әр орындауды көздейді. Осылайша жолаушының көңілін көтереді. 

Кадрларға сүйенсек, көлікке отырған қыз да Әділет Жауғашардың даусына тамасанып, оны видеоға түсіріп алған. Ал өнер иесі оған "Сенің күлгін көйлегің" әнін орындап берген.

Айта кетейік, жақында Әділет Жауғашар жеке шығармашылық кешін өткізбек. Яғни, бұл оның алдыңғы кешіне дайындығы әрі жарнамасы деуге болады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор