«Емделіп жатыр»: Ильин Өтешовті дәрігерге жетектеп апарды

Аиса Махамбет Редактор
21.08.2024, 15:29
1027
«Емделіп жатыр»: Ильин Өтешовті дәрігерге жетектеп апарды бейнежазбадан алынған кадр

Досына көмектесіп, оны ішімдікке тәуелдіктен құтқармақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің командалық әріптесі, жақын досы Алмас Өтешовке көмектесіп жатқанын мәлімдеді.

Спортшы бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады.

«Уәде еткенімдей, мен сіздерге Алмас туралы айтып отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. Ендеше, сауығып кететін осы қиын жолда оған күш-қуат тілейік», - деді Ильин.

Бұдан біраз уақыт бұрын Алмас Өтешов сұхбат беріп, Илья Ильин бастаған спортшылармен допингті қолданғандары туралы айтқан болатын. Спортшы өз мәлімдемесінде бұл мәселе ақшамен шешімін тапқанын, сол арқылы халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткенін ашық айтты. Кейін бұған қатысты Ильин де сұхбат беріп, Алмастың айтқандарына қатысты жауап берген болатын. Кейін ол өзінің досына көмектесетінін айтып, жанынан табылған. Айтуынша, Өтешов соңғы жылдары ішкілікке бой алдырған көрінеді.

Илья Ильин 2008 және 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған еді. Алайда 2016 жылы халықаралық допингке қарсы күрес агенттегіні оның сынамасынан тыйым салынған преперат белгілерін тапқанын атады. Осыдан кейін ХОК Ильинге және тағы да бірнеше қазақстандық ауыр атлеттің Олимпиада ойындарындағы нәтижесін жоққа шығарып, жүлделерін кері қайтарып алды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды