«Қарбыз-қауын бір туған»: 2 тонна қарбыз сатып алған Нұрлан Қоянбаевтың бастамасы күлкіге қалды
Отандық киножұлдыз, актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев жолына кездескен диқандардың саудасын жүргізіп, екі тонна қарбыз сатып алды. Бұл туралы Stan.kz жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кино актері арнайы челлендж бастап, оқырмандарын игі іс жасауға шақырып, қарбыз сатып алуға үндеді.
“Биыл қарбыз-қауынның бағасы түсіп, сауда бәсеңдеген. Сондықтан, диқандарымызға халық боп, бірге қолдау білдірейік! Әр қазағым – жалғызым! Күшті өмір сүрейік", – деді актер.
Өнердегі әріптестері бірден іске кірісіп, жаппай қарбыз сатып алып жатыр. Алайда арасында әзілге айналдырғандары да бар.
“Нұрекеңнің бастамасын қолдаймыз. Бірақ қауынды да сатып алуға шақырамыз. Оларды да сатып алып немесе тегін тарату керек”, – деп жазды актер Дәулет Бижанов.
Материал авторы