«Жеңіс бойтұмарын ұмыт қалдырды». Ермахан Ибраимов өзін Парижге апармағандықтан боксшылар жеңілгенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
21.08.2024, 20:13
1261
«Жеңіс бойтұмарын ұмыт қалдырды». Ермахан Ибраимов өзін Парижге апармағандықтан боксшылар жеңілгенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Ермахан Ибраимов өзін Парижге апармағанына өкпеледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы Олимпиадаларға белгілі спорт ардагерлерін, чемпиондарды апарып тұратын. 

Осы жолы Париж Олимпиадасына елдегі спорт шенеуніктері жанкүйер ретінде ешкімді  ерткен жоқ. Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов мұның дұрыс болмағанын айтып отыр.

Ол Barys Media Youtube-арнасына берген сұқбатында осы туралы базынасын жеткізді. 

«Негізі бойтұмарды қажет ететіндер табылмай қалған шығар. Мен бірнеше рет айттым, ымдап та білдірдім. Министрліктен әлде спорт комитетінен қателік кетті ме, әйтеуір қол бұлғап, «хатты жібереміз» деді де кете барды. Бір сөзбен айтқан кезде бізді керек қылмады. Бойтұмарды қажет етпеген шығар. Кезінде министрлікті басқарып отырған Темірхан Досмұхамбетов, Аманша Ақпаев ағаларымыз міндетті түрде Олимпиадаға Жақсылық Үшкемпіров ағамызды алып алатын. Ол бізге рух беріп, көтермелеп, «жарайсыңдар, жігіттер» деп қолдап жүретін. Команданың көбісі қазақтар болғандықтан бойына күш-қуат беретін жақсы сөзді қазақша естігісі келеді. Былайша айтқанда, олар «жеңіс бойтұмарын» Қазақстанда қалдырып кеткен сияқты», - деді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына бокстан Қазақстанның ерлер құрамасынан 7 спортшы бақ сынап, тек 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай ғана күміс медаль еншіледі. Қыздардан 50 келіде жұдырықтасқан Назым Қызайбай қола жүлде алды.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады