«Мәһрге машина сұрадым»: Тамара Асар тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
22.08.2024, 10:28
1609
«Мәһрге машина сұрадым»: Тамара Асар тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды жеке мұрағатынан

Танымал әнші Тамара Асар пандемия кезінде тұрмысқа шыққан сәтін есіне алып, той барысының қалай өткенін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі Маңғыстау өңірінен Қостанай қаласына келін болып түскен. 

“Кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін, жолдасым “біз де той жасайық” деген ұсыныс айтты. “Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік” дедім. Біздің тойымыз пандемия кезінде алты адаммен өтіп кеткен. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәһрге машина сұрадым. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым. Әрі бәріне шектеу қойып тастаған еді. Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін”, – деп уәде берді әнші. 

Еске салайық, өнер иесінің бір апта ғана ойланып, тұрмысқа шыққанын айтқан еді. 

“Екі түрлі адам ғана солай тұрмысқа шығады. Оның бірі – басы жасамайтын адам, екіншісі – басы кетіп ғашық болған адам. Өзімді екінші түріне жатқызамын. Жалпы, мен Қазақстанды аралап жүрген адаммын. Балам бар, Тамара Асар деген атым бар, көрген тәрбием бар. Бірақ сенімді түрде, нық сезіммен, ер адамға тән даусымен "саған үйленемін" деген жігітті бірінші рет көрдім. Танысқанымызға екі минут өткен жоқ, мені көрсетіп осы кісіге үйленемін деді. Құлағыма елең ете қалды, сол сөздің артынан жүре бердім. Бас-аяғы бір аптаның ішінде тұрмысқа шықтым, — деп сыр бөліскен еді эстрада жұлдызы. 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды