«Қышынып жүрміз»: Жезқазған тұрғындары краннан мүңкіп аққан лай суға шағымданды

Аиса Махамбет Редактор
22.08.2024, 11:55
703
«Қышынып жүрміз»: Жезқазған тұрғындары краннан мүңкіп аққан лай суға шағымданды бейнежазбадан алынған кадр

Жезқазғандықтар ішуге де, тұрмыста қолдануға да жарамайтын судың сапасына наразылық білдірді. Тұрғындар үйдегі краннан аққан қоңырқай түсті, сасық сұйықтық санитарлық техниканы бүлдіріп қана қоймай, денсаулыққа да кері әсер ететінін айтты. Бұл туралы 31 арнаның Информбюро бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, краннан аққан лай судың қағы унитаз бен ваннаны зақымдаған. Жергілікті тұрғындардың су мәселесін көтеріп жүргелі 2 жыл болған. 

“Екі жыл болды, тіпті сүзгіден өткен судан кейін де шәйнекте қақ қалады. Қотыр болдық, балаларды шомылдыру мүмкін емес. Аптасына бір рет жуынамыз, одан да пайда жоқ. Бәріміз қышынып жүрміз”, – дейді жергілкті тұрғындардың бірі Мария Виниченко.

Денеде тітіркену тудыратын лай су соңғы уақытта сары көбікпен ағып жүр. Көбік ваннаны, дәретхана мен шұңғылшаны да бүлдірген. Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл мәселенің өзекті болғанына соңғы 1-2 жыл ғана емес. Құбырлардың ауыпағанына 10-15 жыл болған. Қазір құбырларды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. 

“Бүгінде әлеуметтік желілерде ыстық судың сапасына қатысты шағымдар түсіп жатыр, біз осыны қарап шықтық, стандарттар мен санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеру үшін су сапасына қатысты өндірушілер мен таратушы ұйымдарға хат жолдадық. Бұл мәселе қазір қала басшылығының бақылауында”, – дейді ЖезқазғаН қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Абылай Есен.

Ал Жезқазған қалалық "Жылу және сумен қамту" коммуналдық кәсіпорны бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды