«Босқа жүгірте береді»: чемпион Дычко қазақ боксшыларының тез шаршап қалуының себебін айтты

Аиса Махамбет Редактор
22.08.2024, 19:55
2416
«Босқа жүгірте береді»: чемпион Дычко қазақ боксшыларының тез шаршап қалуының себебін айтты жеке мұрағатынан

Париждегі боксшылар мен бапкерлердің басты қателігін көрсетіп берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін кәсіпқой боксқа 14 айдан кейін оралып жеңіске жеткен, екі дүркін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Париждегі сәтсіздік туралы пікір білдірді. Ол sportarena.kz порталына берген сұхбатында осының себебін жеткізді. 

«Менің түйгенім, оқу-жаттығу жиынында команда мүшелері тым көп жүктема алып қойған. Жақында 2016 жылғы Рио Олимпиадасындағы Эфе Аджагбамен өткізген жекпе-жегімді қарап шықтым. Әрине, ол кездесуде жеңіске жеттім. Бірақ оңайға соқпаған. Өйткені сол кезде қайта-қайта жаттығу жасай бердік. Ешқандай тың күш болған жоқ. Бокстасқан кезде энтузиазм жетіскен жоқ. Осы жолы Париж Олимпиадасына қатысты пікір білдірген сарапшылардың сұхбатын оқығанда үшінші раундта жігіттердің шаршап қалатынын айтқан. Содан түсінгенгенім біздің боксшылар тым артық жаттығу істеп, әбден зорығып қалған», - дейді Иван Дычко.

Оның айтуынша, біздің бапкерлер оқу-жаттығу жиындарында боксшыларға қажетті емес, физикалық жаттығуларды көп жасатады. 

«Бұл жолы да сол менің жаттығуыма ұқсас болған секілді. Қызық естілуі мүмкін, бірақ жүктемені азайту керек. Боксқа қатысы жоқ элементтерді алып тастау керек. Мысалы, 15 шақырымдық кросстың қажеті шамалы. Боксшыларға пайдасы тие бермейді. Үш сағат тауға шығу деген керек емес. Өзім қайсысынан қиналғанын айтып отырмын. Соның бәрі маған кесірін тигізді. Жалпы физкалық жаттығуларға қарағанда арнайы дайындық пен төзімділікке көбірек көңіл бөлу керек», - дейді боксшы. 

Айта кетейік, бүгін  Иван Дычко 14 ай үзілістен кейін рингке оралып, америкалық Крейг Льюисті нокаутппен жеңді. Бұл – қостанайлық боксшының кәсіпқой бокстағы 14-ші жекпе-жегі. Оның бәрінде Дычко жеңіске жеткен және 13-і нокаутпен.

 
Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды