Қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға 140 миллион теңге жинап берді

Аиса Махамбет Редактор
23.08.2024, 10:29
1549
Қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға 140 миллион теңге жинап берді бейнежазбадан алынған кадр

Қазақстандықтар әскерге кетіп, 6 ай бойы комада жатқан сарбазға 140 миллион теңге жинап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әскерде жарақат алып, 6 айдан бері комада жатқан.

Жуырда Ербаян Мұхтар ата-анасының талабымен үйіне шығарылды. Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай қазақстандықтардан көмек сұраған еді.

Блогер Лола Израилова сарбаздың отбасының ресми өкілі ретінде Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы хабар таратып жүр. Ол Ербаянның туыстарының қазақстандықтардың көмегінен кейін көзіне жас алғанын айтты.

"Ербаянның отбасы бүкіл Қазақстан халқына және емделуге қаражат жинауға көмектескен басқа елдердің азаматтарына шексіз алғысын білдіреді. Ата-анасы көз жасына ерік берді, мұндай керемет қолдау бүкіл ұжымды таңғалдырды. Сөзіміз жоқ. Мемлекет талай айдың ішінде жасай алмаған істі санаулы күнде жасадыңыздар. Мен Қазақстанда тұратынымды мақтан тұтамын", — деп жазды блогер.

Сондай-ақ блогер Ербаянның отбасы ақша жинауды жалғастыру керек пе, жоқ па деген мәселені ойланып жатқанын айтты.

"Өйткені бізді санитарлық авиацияның 25 000 000 теңгеден 60 000 000 теңгеге дейін тұратыны қорқытады. Емдеу қанша айға созылатыны, емхана қанша төлейтіні белгісіз. Адамдар медицинасы дамыған елдерге ұшуға кеңес береді. Ал бұл, тиісінше, біз ойлағаннан әлдеқайда қымбатқа түседі", – дейді блогер.

Қаржы жинау 1 маусымда басталған. Ол кезде Түркияда емделу үшін 30 миллион теңге қажет екені айтылған. Бірақ, ең әуелі, жас жігітке оңалту шаралары қажет.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады