«Елорда жастары» ипотекасына өтінімдер 4 қыркүйектен бастап қабылданады

23.08.2024, 13:16
908
«Елорда жастары» ипотекасына өтінімдер 4 қыркүйектен бастап қабылданады elordainfo

Астаналық жастар пәтер сатып ала алады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылғы 4-10 қыркүйек аралығында Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылданады.

Өтінімді Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталында онлайн беруге болады.

Бұл ретте астаналық 75 жасты баспаналы ету көзделіп отыр. 

Бағдарламаның негізгі шарттары: 

Несие сомасы – 18 миллион теңгеге дейін; 

Бастапқы жарна – 10 пайыз; 

Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;

Несие ұзақтығы – 19 жыл. 

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда келесі сала қызметкерлері қатыса алады:

мұғалімдер;

дәрігерлер;

ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері;

журналистер;

мәдениет саласының қызметкерлері;

спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;

әлеуметтік қызметкерлер;

коммуналдық сала қызметкерлері;

полиция департаменті қызметкерлері;

төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері;

тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды