«Алты жыл бойы алдап келді». Әнару Қалдыбек боксшы Жанқош Тұраровпен арақатынасын айтты

Аиса Махамбет Редактор
23.08.2024, 18:32
3563
«Алты жыл бойы алдап келді». Әнару Қалдыбек боксшы Жанқош Тұраровпен арақатынасын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Зорлады деп арыз жазған қыз оқиғаның қалай болғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Қалдыбекқызы БАҚ өкілдеріне болған оқиға туралы айтып берді.

Әнарудың сөзінше, Жанқош Тұраровпен 2018 жылы әлеуметтік желі арқылы танысқан. Алғашында оның отбасылы екенін білмеген. Ал білген соң, жүздесуден бас тартқан. Бірақ, Тұраров оны кездесуге көндіріп келген. Әнару боксшының арбауына түсіп, қонақ үйде пәктігін бергенін де жасырмады.

Соңғы рет Жанқош екеуі 2024 жылдың 12 тамызында кездескен.

Ол маған «мен әйеліммен ажырасамын, ара қатынасымыз өте нашар, үш қыз туды, бір ұл туып бере алмады. Сендей адамнан, сендей қыздан ұрпақ болғанын қалаймын» деді. 12 тамыз күні түнде келді. Менің ойым – оған жандүниемде не болып жатқанын айту еді. Анам туралы айтып, жүрегімді ақтарғым келді. Анама шығарған өлеңімді оқыдым. Сол күні оған «өмірімді құрттың» деп жыладым, - дейді Әнару.

Бірақ боксшы қыздың мұңын тыңдаудың орнына күштеп, зорлаған.

Тамыздың 19-күні полицияны шақырдым. Оған дейін мен депрессияда жүрдім. Неге арыз жаздым десеңіздер, себебі мен шаршадым, жеті жылдан бері өмірім өтіп жатыр. 20 тамызда онымен полиция бөлімшесінде кездестім. Беттестіру кезінде менен кешірім сұрап, ақшалай көмектесетінін айтып, 2 млн теңге аударамын деді. Мен «ақша да, ештеңе де керек емес, психологиялық жағдайым дұрыс, балалық шағым бақытты өтті, маған анамның өлімі мен сіздің маған істегеніңіз жара салды» дедім. Енді істі полиция тергеп жатыр, - деді ол.

Әнару Жанқош Тұраров заң аясында жазаланғанын қалайды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады