Оралдық әйел бұрынғы күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған: Жәбірленуші шағымы жоқ екенін мәлімдеді

Аиса Махамбет Редактор
24.08.2024, 13:14
973
Оралдық әйел бұрынғы күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған: Жәбірленуші шағымы жоқ екенін мәлімдеді мой город

Батыс Қазақстан облысында кісі өлтіруге тапсырыс беру ісі бойынша сот отырысы басталды. Айыпталушылар қатарында 40 жастағы Эльвира Еркебаева мен 33 жастағы Максим Кузнецов бар. Оларға алдын ала сөз байласу бойынша қастандық ұйымдастырды деген айып тағылған. Бұл туралы "Мой город" басылымы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сот отырысында адвокат Тамара Сәрсенова шағым түсіріп, айыпталушы Эльвира Еркебаеваға қатысты бұлтартпас шарасын өзгертуді сұрады. 

"Менің қорғалушым қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмаған. Кәмелетке толмаған екі баласы бар. Жарты жылдан беру қамауда, режимді бұзған жоқ. Тұрғылықты баспанасы бар. Оны үйқамаққа жіберуді сұраймыз", – деді Сәрсенова. 

Максим Кузнецовтың да қорғаушысы шағыммен келісті. Сөзінше, айыпталушыда қант диабеті мен көзінде глаукома бар. 

Айыптаушының дерегіне сәйкес Эльвира Еркебаева бұрынғы күйеуі Ербол Еркебаевпен арадағы келіспеушіліктерге байланысты оны өлтіру үшін киллер жалдаған. 

"Бұған дейін танысы Кузнецовпен байланысып, тапанша мен кісі өлтіре алатын адам тауып беруді сұраған. Сондай-ақ бұл үшін 2 миллион теңге төлейтінін де жеткізген. Кузнецов кейін осындай адамды іздеді", – деді прокурор Ізтілеуова. 

2023 жылдың желтоқсанында Кузнецов бұған дейін сотты болған Ғалиевке тапсырысты орындауды ұсынған. Ғалиев өз кезегінде ұйымдастырылған қылмыс жайлы полицияға хабарлапты. 

Қылмыс 20 және 26 ақпан аралығында болады деп жоспарланған. Ақсай қаласындағы "Бейбарыс" спорт кешенінің аумағында Кузнецов Ғалиевке 500 мың теңге, терезе ашу үшін бұранда, қолғап, медициналық маска мен көзілдірік берген. 

26 ақпанда Еркебаева мен Кузнецовты полиция ұстады. Дегенмен сотта жәбірленушінің өзі болмады. Ал оның өкілі Ерлан Бердіғалиев бұрынғы жұбайы Еркебаеваға ешқандай шағымы жоқ екенін айтты. 

Сотталушылар бұған дейін алқабилердің қатысуын сұраған. Эльвира Еркебаева өзінің кінәсіз екенін айтып, мұны дәлелдей алатынын жеткізген. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды