Астанада көшпенділер мұрасына арналған көрме ашылды

24.08.2024, 13:55
919
Астанада көшпенділер мұрасына арналған көрме ашылды

Танымал фотографтардың ерекше суреттері қойылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиектер» атты фотосуреттер мен арт-жұмыстардың көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Көрменің ашылу рәсіміне «Kazakh Tourism ҰК» АҚ» Басқарма төрағасы Қайрат Садуақасов, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, Қатар елшісі Абдулла Хусейн Джабер, Үндістан елшісі Нагендра Прасад, Канада дипломатиялық миссия басшысының орынбасары Дэвид МакКиннон, Оман дипломатиялық миссия басшысының орынбасары Талал Әл Якуби, Қырғызстан елшілігінің үшінші хатшысы Эрнис Абдирашитов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен туристік сала мамандары қатысты.

«Көшпенділер рухы: шексіз көкжиектер» көрмесі көшпенділер мәдениетінің әлеміне терең үңілуге мүмкіндік береді. Келушілер Қазақстанның танымал фотографтары Анзор Гасаев пен Александр Кузнецов, ұлыбританиялық шебер Коннор МакНил (TheFella), мажарстандық режиссер Карачонь Шандордың ерекше туындыларын тамашалай алады. Бұл суретшілер көшпенділер өмірінің сирек кездесетін және қызықты сәттерін, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен алынған таңғажайып пейзаждарды алғаш рет көрермен назарына ұсынып отыр.

Көрме бірнеше тақырыптық аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысы көшпенділердің өмірінің әртүрлі аспектілерін және олардың табиғатпен терең байланысын ашады:

Көшпенділер әлеміне кіріспе: Қазақстан көшпенділерінің табиғаты мен күнделікті өмірін көрсететін фотосуреттер.

Көшпенділер рухы: Көшпенділердің дәстүрлері, рәсімдері және табиғатпен өзара әрекеттесуі туралы суреттер.

Көшпенділер және табиғат: Көшпенділер мен айналадағы табиғат арасындағы үйлесімділікті фотосуреттер арқылы көрсету.

Саяхат және зерттеу: Көшпенділердің зерттеу рухын көрсететін деректі суреттер.

Айта кетейік, көрме 2024 жылдың 17 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды