«Ағасы Парижден арқалап келген жүлдені таңдады»: Демеу Жадыраев тұсау кесті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
24.08.2024, 16:38
1481
«Ағасы Парижден арқалап келген жүлдені таңдады»: Демеу Жадыраев тұсау кесті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Демеу грек-рим күресі шебері Қорлан Жақаншаның қуанышына қатысты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың Қазақстанның танымал грек-рим күресі шебері Қорлан Жақаншаның ұлының тұсауын кескен сәтінің видеосы тарады. 

Олимпиада жүлдегерінің тұсау кескен сәтінің видеосы балақайдың анасы Құндыз Төлебаеваның Instagram-дағы жеке парақшасында жарияланды. 

"Салқам Жәңгір-Ханның тұсауын Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы Демеу ағасы кесті.

Ағасы сонау Парижден арқалап келген жүлдесін таңдады біздің балапан. Алла қаласа әлемді аузына қаратқан, дүбірлі додада ешкімге дес бермес нар тұлғалы азамат болғайсың, құлыным.

Әкең чемпион, тұсауыңды чемпион кесті. Жетектеген батыр ағасы Дамир Күзембаев", - деп жазды бөбектің анасы. 

"Жолы әрқашан ашық болсын!", "Болашақ чемпион", "Елдің Азаматы болсын!", - деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, Демеу Жадыраев биыл өткен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол 7 тамызда грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде өткен финалдық бәсекеде жапон балуаны Нао Кусакамен күресті. Олимпиада алтынына таласта Жадыраев қарсыласына 5:2 есебімен жол беріп, күміс медаль еншіледі.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды