Қыркүйектен бастап коммуналдық төлемдер қымбаттайды

25.08.2024, 10:36
1061
Қыркүйектен бастап коммуналдық төлемдер қымбаттайды lada.kz

1 қыркүйектен бастап Алматыда коммуналдық төлем құны қымбаттайды. Суық су бағасы 66 теңгеге жетсе, жылу құны 6 пайызға өседі. Бұл туралы сала мамандары өткізген басқосуда белгілі болды. Бұл туралы Almaty.tv арнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тариф құнының өсуі қаладағы жылу желілерінің – 57,9, су желісінің – 54,3 кәріз желісінің – 57 пайызға тозуымен байланысты болып отыр. 

Мамандар баға көтерілсе, су мен жылу желілерінің тозуын 3 пайызға, қалған инженерлік желілердің тозу деңгейін 1,2 пайызға төмендетуге болатынын айтты.

"2025 жылы су желілерінің кем дегенде 104, сондай-ақ жылу желісінің 39 және электр желісінің 120 шақырымын жөндемекпіз. Қалалық коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын көтеріп, білікті мамандар қатарын ұлғайтуымыз керек", – деді Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрбақыт Серікбай.

Ал шаһардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов коммуналдық қызметтердің өсуіне байланысты 2023 жылдан бері әлеуметтік осал топтың қатарындағы адамдарға өтемақы беріліп келгенін атап өтті. 0,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді 140 мыңнан астам азамат алған.

"Өтемақыны алып жатқан азаматтарға құжат өткізу қажетемес. Ал жаңадан қосылған алматылықтар аудан әкімдіктеріне барып, қосымша алгортим бойынша құжаттарын тапсырады, өтінім береді," – деді Бауыржан Жаубасов.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды