Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы боп шықты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
25.08.2024, 12:38
35429
Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы боп шықты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Әнару Құрманәлі композитордың ақын Ақмаржан Таубаевадан туған қызы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Әнару Құрманәлінің композитор Қалдыбек Құрманәлі мен марқұм ақын Ақмаржан Таубаеваның қызы екені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы TikTok желісіндегі UlysPro атты парақша бейнежазба жариялап мәлімдеді.

«Жанқош зорлады деп мәлімдеген Әнару Құрманәлі белгілі композитордың қызы. Оның әкесі белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлі кезінде «Қазақ эстрадасындағы қыздардың 90 пайызы жезөкше» деп айтқаны үшін басы дауға қалған», - деп жазылды бейнежазбада.

Белгілі болғандай Қалдыбек Құрманәлінің Ақмаржан Таубаевадан Әнасыл есімді ұлы мен Әнару есімді қызы бар. Марқұм ақын Ақмаржан Таубаева 2016 жылы өмірден өткен еді. Анасының қазасын ұмыта алмаған Әнару бар мұңын Жанқош Тұраровқа айтқан. Ол соңғы рет 12 тамызда боксшымен кездескенде, оған анасына арнаған өлеңін оқып бергенін, бірақ Жанқош өлеңді тыңдамастан оны зорлап тастағанын айтқан.

«12 тамыз күні түнде келді. Менің ойым – оған жандүниемде не болып жатқанын айту еді. Анам туралы айтып, жүрегімді ақтарғым келді. Анама шығарған өлеңімді оқыдым. Сол күні оған «өмірімді құрттың» деп жыладым.

Тамыздың 19-күні полицияны шақырдым. Оған дейін мен депрессияда жүрдім. Неге арыз жаздым десеңіздер, себебі мен шаршадым, жеті жылдан бері өмірім өтіп жатыр. 20 тамызда онымен полиция бөлімшесінде кездестім. Беттестіру кезінде менен кешірім сұрап, ақшалай көмектесетінін айтып, 2 млн теңге аударамын деді. Мен «ақша да, ештеңе де керек емес, психологиялық жағдайым дұрыс, балалық шағым бақытты өтті, маған анамның өлімі мен сіздің маған істегеніңіз жара салды» дедім. Енді істі полиция тергеп жатыр», - деді Әнару Қалдыбекқызы.

Бұған дейін сазгер Қалдыбек Құрманәлі әншілер балаларының кімнен екенін өздері білмейді деген мәлімдеме жасап жұртты шулатқан еді.

«Кейбір әншілер бар, төрт баласы бар, төртеуінің кімнен екенін өзі де білмейді, ұмытып қалған. Мен ештеңе демес ем. Олар сахнада тұрып, махаббатқа, өнерге адалдық, отбасы құндылығы туралы айтады. Адамның бетінен ұят кеткеннен кейін айтыла береді екен», - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Жеңіл жүріске түсіп кеткен өнер адамдарын сынның асына алған Қалдыбек Құрманәлі ондай жандарға артық ештеңе айта алмайсың дейді. Өнердегі адамдардың ішінде өнерде де, өмірде де адал адамдар өте аз деп өкінді ол. 

«Өнер адамы ретінде айтатыны ауыр тиеді. Маған әйелім ғана тиесілі. Сондықтан біреуге айта алмайсың. Айтып та көрген едік. Бірақ Қалдыбектің дәрежесіз төмен екен ғой деп сөгеді. 90% жезөкшелер ғой. Бәрі күліп мазақ қылады. Олар көп екен ғой», - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

«Көпшілік күткен жаңалық»: Айгүл Иманбаеваның отбасында тағы бір сәби дүниеге келді Атыраудағы «жалған стоматология» ісіне күдікті видео жариялап, өзін жала жабылды деп мәлімдеді Қазақ физика пәні мұғалімінің өнертабысы қазнетті тәнті етті Астана маңында сиыр мен екі бие ұрлап сойған үш жігіт ұсталды Сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады Өзбекстанда жасанды интеллект үшін 2000 астам шенеунік жұмыстан босатылмақ «500-600 мың теңге»: Еңбек вице-министрі отбасының айына қанша жұмсайтынын ашық айтты Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адам енді өмір бойы түрмеде отырады Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық 5 жылға сотталды Мақпал Жүнісова Қайрат Нұртастың әкесіне кешірім сұрады Қарағандыда мектеп маңынан әйелдің мәйіті табылды Мексикада Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер небәрі 8 минутта сатылып кетті Павлодар облысындағы өрттен алты адам қаза тапты Қатарда жұмыс істейтін қазақстандықтарға тегін үй беріледі Қандыағаш әкімі сүйіктісін ұрып-соққаны үшін айыпталып, өзін Тоқаевтың сөзімен ақтауға тырысты Шерзат Полат ісі: Куәгер қыздар жазаланатын болды ма? Әлемде алғаш рет шошқаның бауыры салынған адам 171 күн өмір сүрді 11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік пен шаңды дауыл күтіледі «Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады