1286

Шахматшы Бибісара Асаубаева Гран-при турнирінде жүлде иеленді

Гран-при кезеңінде Польшадан келген Алина Кашлинская жеңіске жетті.

Шахматшы Бибісара Асаубаева Гран-при турнирінде жүлде иеленді
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE әйелдер арасындағы Гран-при жарысында екінші орын иеленді.

Ол тоғыз турға созылған турнирді 5,5 ұпаймен аяқтады, оның екеуі — жеңіс, жеті мәрте тең ойнады.

Гран-при кезеңінде Польшадан келген Алина Кашлинская жеңіске жетті. 

Ол соңғы турда жеңіске жетіп, 6 ұпай еншіледі, яғни 3 ойынды айқын басымдықпен аяқтап, алтауында тең түскен.

Материал авторы