«Ақша не істетпейді»: блогер Мақпал Қаратайдың биі көпшілікке жақпай қалды (ВИДЕО)
Ол қысқа киіммен билеген биінің видеосын әлеуметтік желіге жүктеген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгінде өзін көпшілікке тәлімгер деп таныстырып жүрген Мақпал Қаратайдың TikTok желісіне жүктеген видеосы көпшіліктің сынына ұшырады, деп Azattyq Rýhy жазды.
Экс-журналист әлеуметтік желіге әйгілі «Көк жигули» әніне билеген биінің видеосын салды. Алайда оқырмандар пікірі екіге бөлінді. Блогерді бірі мақтаса, бірі даттады.
«Дардай әйел жарасатын қылық жасаса болады ғой... Ақша табам деп жынды болып қалды...Молдаға қарату керек... Билегісі келеді, билесін, өзіне ұнайды...Аяғы күшті екен, түп-түзу...Ақша не істетпейді деген осы шығар...», - деп пікір қалдырды оқырмандар.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор