2105

Ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан лақтырып жіберді

Мәскеуде ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Олар алған жарақатынан тіл тартпай кетті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан лақтырып жіберді
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, куәгерлер ер адам пәтерінің терезесінен заттарды да лақтырғанын айтты. 

Оқиға орнында  36 жастағы әйел мен бір жастағы ұл бала қайтыс болды. БАҚ ұсталған адам Ресей Федерациясының Орталық Банкінің қызметкері деп болжап отыр. Олар жұбайымен шамамен үш жыл некеде тұрған.

Жағдай Красноказарменная көшесіндегі "Лефортово парк" ТК-де болған.

Оқиға орнында жедел жәрдем, ТЖМ және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор