Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға да қатысатынын айтты

25.08.2024, 17:40
1324
Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға да қатысатынын айтты olympic.kz

Алтын үшін кеткен есесін қайтармақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев мансабына қатысты сұраққа жауап берді.

«Берен» ютуб-арнасына сұхбат берген дзюдошы алдағы 4 жылда құрамадан кетпейтінін ресми мәлімдеді.

«Париж Олимпиадасынан кейін бапкеріммен ақылдаса келе 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдадық. Лос-Анджелеске дейін күресе беруді көздеп отырмыз. Парижде алған қола медаль маған ерекше шабыт сыйлады. Жарақат, алаңдататындай мәселе жоқ. Денсаулығыма еш шағымым жоқ. Дзюдо – менің жұмысым. Бар мүмкіндікті пайдаланып, келесі Олимпиадаға қатысқым келеді. Соған аянбай еңбек етіп, жұмысты жалғастырамыз», - деді Ғұсман Қырғызбаев.

Спортшы 1992 жылы туған. Ол бұған дейін 60 келіде бірнеше халықаралық жарыста жүлдегер атанды. Мәселен, 2021 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алса, кейін Азия чемпионатында екі мәрте қола жүлде еншіледі.

Қырғызбаев Париж Олимпиадасында 66 келіде белдесіп, жартылай финалға дейін жетті. Ол іріктеу кезеңдерінде Испания, Оңтүстік Корея, Франция балуандарын ұтты. Финалға шығар сында Бразилия өкіліне жол беріп, қола үшін күресте Сербия өкілін айқын жеңді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында чемпион атанған дзюдошы Елдос Сметов те спорттағы жолын алдағы Олимпиадаға дейін жалғастыратынын айтқан болатын.

 
2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды