Шымкентте «Ақтөбе» мен «Ордабасы» футбол клубының жанкүйерлері жаппай төбелесті
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері Шымкенттегі ойын алдында жаппай төбелес шығарды. Бұл туралы Stan.kz жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жексенбі күні Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол клубтары арасында кездесу өтті.
Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. 14-минутта Хосе Севаллос "Ақтөбе" командасын алға шығарғанымен, үзілістен кейін 72-минутта Шахбоз Умаров гол соқты.
Матч алдында екі клубтың жанкүйерлері төбелесіп қалды. Match.kz порталының мәліметінше, шымкенттік полицейлер ақтөбелік жанкүйерлерді стадионнан шығарып тастады.
Жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Материал авторы