«Біреу өлді ме деп ойладым»: Ғұсман Қырғызбаев Ута Абэнің жылағаны туралы айтты

26.08.2024, 15:53
996
«Біреу өлді ме деп ойладым»: Ғұсман Қырғызбаев Ута Абэнің жылағаны туралы айтты AP Photo / Eugene Hoshiko

Ута Абэ жаттығу залында аңырап жылап жатты дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасында дзюдодан қола жүлде иеленген Ғұсман Қырғызбаев жарыс кезінде болған қызықты жайттар туралы айтты. «Берен» YouTube-каналына берген сұхбатында спортшы жапониялық Ута Абэнің жылаған сәтін еске алды.

Спортшының айтуынша, жаттығу залында Абэні қоршап алған адамдарды сыртынан көрген ол біреу оқыстан қайтыс болған деп ойлаған. 

«Париж Олимпиадасында әйелдер арасында чемпион атанған өзбекстандық Диора Келдиорова екеуіміз бір күнде күрестік. Сол күні белдесуге шығайын деп тұрғанымда спортшылар жаттығатын залда біреу аңырап жылап жатты. Адам қайтыс болды ма деп жағдайды еш түсінбедім. Адамдардың барлығы бір жерге жиналып қалған. Қарасам, Абэ екен. Ұтылып қалғанын сол жерде естідім. Өзбек қызы жапон балуанын қалай ұтып кеткенін түсінбей қалдық. Бір қарағанымда вазари ұпайымен Ута Абэ ұтып жатқан еді. Ал Абэнің залда жылаған сәтін біз көрмедік. Кейін әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан куә болдық», - деді Ғұсман Қырғызбаев.

Спортшының айтуынша, жапон дзюдошысының эмоцияға ерік бергені оған қатты әсер еткен. 

«Абэ жылағанын көргеннен кейін біз де бір түрлі болып қалдық. 5 жыл бойы ұтылмаған спортшыға оңай емес. Сол уақыттан бері оны ешкім ұтпақ түгілі, ұпай да алмаған еді. Бірінші айналымда таза ұтылу спортшыға өте ауыр соқты», - деді ол сұхбат барысында.

Ал спортшының бапкері Ермек Нәсиев Абэнің Парижде жауапкершіліктің жүгін сезініп, соған байланысты көз жасына ерік бергенін атады. 

«Абэнің көз жасына ерік беруі – ол үлкен жауапкершіліктен болды. Бұл ағалы-қарындасқа Жапония құрамасы үлкен үміт артты. Жеңеміз деген сенімдері болды. Жапондардың айтуы бойынша, дзюдошылары Парижден 4 алтын иеленеміз деп болжаған. Оның 2-і ерлерге тиесілі, ал қалған екеуін әйелдер құрамасы иеленуі тиіс болған. Олар үш алтынмен қайтты. Төртіншісы осы Абэ үмітті ақтай алмады. Оның алдында Анталья Гранд Слэмінде Ута бір аяқпен ғана күресіп, барлық қарсыласын бұйым құрлы көрмеді. Қиналмай-ақ жеңді», - деді Ермек Нәсиев.

Сондай-ақ, Париж Олимпиадасында Елдостың жеңісі тәжік пен өзбек спортшыларына да тың серпін болғанын жеткізді. Бұл туралы аталған елдердің бапкерлері айтқан. 

«Париж Олимпиадасында көршілес өзбек, тәжік құрамаларын жарыс кезінде құттықтадық. Сол кезде көрші ел бапкерлері "сендер бізге жеңісті жолды бастап бердіңдер. Елдостың жеңісі бізге де сыйлық болды" деді. Елдос Сметов дзюдодан тек елімізден ғана емес, Орталық Азиядан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы. Диора Келдиорова әйелдер арасында чемпион атанған алғашқы спортшы атанып отыр»,  - деді Қырғызбаевтың жеке бапкері.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады