Қазақ домбырашысы Эльбрус шыңының ең биік нүктесіне шығып «Адай» күйін шертті (ВИДЕО)

26.08.2024, 16:34
883
Қазақ домбырашысы Эльбрус шыңының ең биік нүктесіне шығып «Адай» күйін шертті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Қазақстандық домбырашы Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы Эльбруста домбырамен "Адай" күйін шертті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 жастағы астаналық музыкант Эльбрус шыңына бір аптада көтерілген. Ал дайындық алты айға созылыпты.

Әлібек – музыкант, бірақ музыкадан бөлек, тауға шыққанды ұнатады. Қазақстандық Эльбрус шыңына көтерілген командада 15 альпинист болғанын айтты.

"Ал домбыраға келсек, ол жеңіл. Сол себепті кез келген жағдайда зақымдануы мүмкін. Сондықтан сынып қалмас үшін оны кәдімгі орамалмен орап алдым. Сыртынан қаптағанға жұмсағырақ материал алдым. Төменге қарай құлап кетпеуге тырыстым. Домбыра зақымданған жоқ”, – деді домбырашы. 

Орыстың ұлы энциклопедиясына сәйкес, Эльбрус – Еуропа мен Ресейдегі ең биік тау жотасы. Кабардин-Балқар және Қарашай-Черкес республикаларының шекарасында, Үлкен Кавказдың бүйірлік жотасында орналасқан. Эльбрус 23 мұздықтан тұратын мұз кешенімен жабылған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды