«Қасым, Жомарт, Кемел»: Түркістан облысының тұрғыны 33 жасында 10 баланың анасы атанды

28.08.2024, 09:49
1282
«Қасым, Жомарт, Кемел»: Түркістан облысының тұрғыны 33 жасында 10 баланың анасы атанды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Түркістан облысында 33 жастағы келіншек жеті қыздан кейін үшем ұлдарын босанды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны Гүлназ Мыңжасар үшем босанды. Ерлі-зайыпты үшемнен бөлек 7 қыздың ата-анасы. Соңғы алтыншы, жетінші перзенттері егіз. 33 жастағы әйел жетінші рет құрсақ көтеріп, үшем босанды. Ата-анасы балаларға Қасым, Жомарт және Кемел.

"Менің түсіме әкем өзі аян берген. Қамшы беріп кірген. Қамшыны оңғарған кезімде астында Қасым, Жомарт, Кемел деген жазу болды. Бір емес екі рет түсіме кірді. Босанғанша айтпай жүрдім үшем екенін. Негізі үшем екенін үш айлық кезінде білдім”, – дейді көпбалалы ана Гүлназ Мыңжасар.

Қасым мен Жомарт есімдері көптен күтен ұлдарына берілсе, Кемелді сегізінші қызға қойған. Өздері екі бөлмелі пәтер жалдап тұратын жанұя жеке баспанамыз болғанын да қалаймыз дейді.

Гүлназды үйінде жеті қызы күтіп отыр. Оның үлкені 14 жаста. Алтыншы және жетіншісі егіз екен. Көпбалалы ана ұрпақ көбейтуді осымен тоқтатпаймын дейді. Алайда, перенеталды орталыққа ауыр халде жеткізіліп, 22 күн бойы дәрігерлер қарауында болған екен.

"Бұл биылдыққа біздің орталықта туылған үшінші үшем. Келес ауданы, Абай ауылынан бізге жеткізілді. Қан қысымы көтеріліп кеткесін. Жағдайына қарап ота жасадық. Үшеуінің де салмағы екі келіге жетпейді. Бізде 22 күн жатты”, – дейді №1 облыстық перенеталды орталықтың бас дәрігер міндетін атқарушы Салтанат Жабагиева.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)