Париж-2024: Паралимпиада қашан және қайда өтеді?

28.08.2024, 15:56
968
Париж-2024: Паралимпиада қашан және қайда өтеді? Getty Images Sport

Бүгін ашылу салтанаты өтеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж қаласында ұйымдастырылған жазғы Паралимпиада Франция астанасында тұңғыш рет өткізілмек. Паралимпия ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен 167 - ге жуық мемлекет қатысады. Осы елдерден шамамен 4400-дей спортшы бақ сынасып, өзара кім мықтыны анықтайтын болады. Оның ішінде Қазақстан атынан 44 спортшы бар.

2024 жылдың 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVII Паралимпиадаға Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен 33 жолдама еншілеген болатын. Төртжылдықтың басты додасында барлығы 22 спорттан 549 медаль жиынтығы сарапқа салынса, биыл еліміз рекордтық лицензияға қол жеткізді. Себебі, 1996 жылдан бері Паралимпиадаға Қазақстан тарапынан Атланта -1996 жарыстарына 12 спортшы, 2000 жылы Сиднейде 2 спортшы, 2004 жылы Афины қаласында 8 спортшы, 2008 жылы Пекинде 3 спортшы, 2012 жылы Лондонда 7 спортшы, 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында 11 спортшы және 2021 жылы Токиода 27 спортшы қатысып келді. Ал осы жылы паралимпиадашылар қатары едәуір өсіп, ел тарихындағы жаңа рекордтық көрсеткішті орнатты. Одан бөлек, биыл жазғы ойындарда алғаш рет ел намысын пара үстел теннисінен Әли Мақұлбеков қорғайтын болады. Сондай-ақ, Паралимпиаданы 1996 жылы бастаған волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама мүшелері араға 28 жыл салып жазғы ойындарға қайта оралды.

Ашылу салтанаты

Паралимпиаданың ашылу салтанаты ресми түрде 28 тамызда өтеді. Аталмыш доданың шымылдығы Париждың жүрегі саналатын әйгілі  Champs-Élysées бульвары мен Place de la Concorde алаңында ашылады. Бұл орындар Францияның тарихы мен мәдениетінің символы ретінде, Паралимпиадаға қатысушыларды және қонақтарды қарсы алуға арнайы таңдалған. Франция төрінде туымызды волейболды отырып ойнау спортынан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуден Севда Әлиева алып шығады. Жұлдызды ойын ашылу салтанатынан кейін, яғни 29 тамызда басталады.

Ойын өтетін нысандар

Олимпиадалық нысандардың басым бөлігі Паралимпиада үшін де қолданысқа беріледі. Қазақстан ұлттық құрамасы жазғы ойындарда 9 спорт түрінен 9 нысанда өнер көрсетеді. Жарыс алаңдары спортшылардың мүмкіндігіне қарай паралимпиадалық қалашыққа жақын орналасқан. Тек пара нысана көздеу мемлекет астанасынан тыс жерде 2 сағаттық жолды қамтитын, Шотару қаласында өтеді. Атап айтсақ:

29, 30, 31 тамыз - Пара таэквондо - Grand Palais,

29, 31, 2, 5, 6 қыркүйек - Волейболды отырып ойнау - North Paris Arena

30, 31, 4, 5 қыркүйек - Пара жеңіл атлетика - Stade de France

31, 1, 4, қыркүйек - Пара нысана көздеу - Chateauroux Shooting Centre

1, 3, 4, 5, 6 қыркүйек - Пара жүзу - Paris La Defense Arena

1, 2, 4, 6,7 қыркүйек - Пара үстел теннисі - Suth Paris Arena

5, 7 қыркүйек - Пара паэурлифтинг -Porte de La Chapelle Arena

5, 6, 7 қыркүйек - Пара дзюдо Champ - de Mars Arena

6, 7 қыркүйек - Пара каноэ Vaires-sur- Marne-Nautical Stadium

Аталмыш бәсекені Қазақстан аумағында көрсету құқығын Qazaqstan және Qazsport телеарналары иеленді.  XVIІ Жазғы Паралимпиаданың ашылу салтанаты Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде 28 тамыз күні 23.00-де көрсетіледі.

Айта кетейік, Париж-2024 Паралимпиадасына өңірлер бойынша сегіз лицензиясымен Атырау облысы бірінші орында көш бастаса,  Астана қаласы 5 лицензиямен  екінші орында тұр. Ал,  Жамбыл облысы 4 лицензиямен үшінші орынға тұрақтады.

Жалпы алғанда Қазақстан тоғыз спорт түрінен: пара таэквондо, пара жеңіл атлетика, пара нысана көздеу, пара жүзу, пара үстел теннисі, пара паэурлифтинг, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды отырып ойнаудан жарысқа қатысады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді