«Ешқандай интимдік қатынас болған жоқ»: Боксшы Жанқош Тұраров соңғы сөзін айтты
Жанқош зорландым деген Әнаруды танитынын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Жанқош Тұраров Әнару Қалдыбекқызының арызына қатысты соңғы пікірін айтты.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында арызданушымен байланысы жоғын мәлімдеді.
Бұл лас әңгіме мені әбден шаршатты. Арызданушымен интимдік қатынас былай тұрсын, ешқандай қарым-қатынасым болған жоқ, нүкте, - деп жазды.
Айта кетейік, танымал боксшының үстінен арыз түскен еді. Әнару Қалдыбекқызы есімді ару «Жанқош Тұраров зорлады» деп шағымданып, сұхбат берді. Ол боксшымен алты жылдан бері таныс екенін айтты.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор