«Әкімдік неге заңсыздықтарына көз жұма қарайды»: Екі жылдан бері пәтерін ала алмаған Rams City-дің алматылық салымшылары шу шығарды

Аиса Махамбет Редактор
29.08.2024, 11:55
672
«Әкімдік неге заңсыздықтарына көз жұма қарайды»: Екі жылдан бері пәтерін ала алмаған Rams City-дің алматылық салымшылары шу шығарды stan.kz

Алматыдағы RAMS City тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтер иелері жанжал шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тұрғындар мердігер компанияға 2023 жылдың желтоқсанында жаңа салынған үйлерді қолданысқа беруі керек болғанын айтты. Алайда компанияның ресми өкілдері құр уәде беріп, кешенді тағы 2025 жылдың көктем және жаз айларына созып отыр. Пәтеренің кілтін ала алмағандардың қатарында қазақстандық блогер Абылайхан Камалладин де бар. Ол компания шақырған жиналысқа барып, ашулы тұрғындардың шағымын видеоға түсіріп алды. Туындаған мәселеге қатысты Stan.kz тілшісі тұрғын үй кешені сату бөлімінің басшысынан пікір сұрады.

Абылайхан Камалладин құрылыс салушыға наразылығын білдіріп, қазақстандықтарға ескерту жасады.

"Сіздердің мұндай жауапкершіліктеріңіз мені қайран қалдырды. Достар, сіздердің әр жобаларыңыздың кескіндері көз қуантады. Алайда менің Nef Uptown тұрғын үй кешенінің кілтін алуым керек еді. Алайда тек әдемі кескінді ғана көріп тұрмын. Достар, осы ретте, бұл компаниядан аулақ болуға шақырамын. Зардап шеккен адамдардың мәселесін "жауыма да тілемес едім". Басқа да алушыларға "аяқсыз қалған" тұрғын кешенін ескертіп, түсіндіріп, қателерін бірге көрсетейік", – деді блогер.

Ал жәбірленушілер сөзінше, компания баспананы тапсыруды тағы да кешіктіріп отыр. Жаңа пәтерлердің көптеген иесі несие алып, тіпті, кейбіреуі жаңа аумақ алу үшін өз мүлкін кепілге қойған.

"Алматы әкімдігі Rams City компаниясының заңсыздықтарына неге көз жұма қарайды? Қала әкімдігінің хабарынсыз әлде бірнәрсе жүзеге асушы ма еді?! – деп ер адамның бірі наразылығын айтты.

Пәтер кілтін ала алмаған әйелдердің бірі компания нысанды былтыр желтоқсан айында өткізу керек болғанын айтты.

"Көріп тұрғандарыңыздай, мұнда астан-кестен болып жатыр. Біздің баспанамыздың кілті 2023 жылдың желтоқсан айында-ақ берілуі керек еді. Бірақ қазір тамыз, әлі кілттер жоқ. Жақында бізге құрылыс мерзімі 2025 жылдың наурызына дейін ұзартылғаны туралы хабарлама келді. Енді мәжілісте мұның бұдан да ұзаққа созылуы мүмкін екені айтылды. Келесі жылдың маусым-шілде айларына дейін ұзартпақ сыңайлы. Тіпті өтемақы жоқ, уәделерін де орындаған жоқ", – деп шағымданды тұтынушылардың бірі.

Жәбірленушілердің сөзінше, олар құйған ақшасын қайтара алмайды. Өйткені құрылыс салушы компания тұрғын үй құнының 20%-ын ұстап қалмақ ойы бар. Осылайша құрылысы аяқталмаған пәтерлердің иелері тығырыққа тірелді. Кешіктірудің салдарынан 2,5 мыңнан астам тұрғын пәтер кілтіне қол жеткізе алмай отыр.

Сонымен қатар алматылықтар компания өз тұтынушыларына келешекте болатын кешіктірулер туралы ескертпегенін атап өтті. Оның орнына құрылыс мекемесі хабарламалар жіберіп, жылжымайтын мүлік иелерін шарасыз қалдырды.

Алайда RAMS Qazaqstan компаниясы редакцияға басқаша жауап берді. Олардың сөзінше, баспаналар кезең-кезеңімен берілетін көрінеді.

"Бастапқы жобада RAMS CITY тұрғын үй кешені қала басшылығы бекіткен 57 тұрғын үй блогын қамтыды. Алайда кейіннен әкімдікпен және қала құрылысын бақылау басқармасымен бірлесіп, жоба 37 блокқа дейін қысқартылды. Келісу мен құжат айналымының бүкіл процесі өте көп уақытты алды. Бұл тұрғын үй кешенінің бірінші кезегін, демек, екінші кезегін де пайдалануға беруге қатты әсер етті", – деп жауап берді тұрғын үй кешенінің сату бөлімінің басшысы Александр Федоров.

Оның айтуынша, компания өзінің бүкіл қызметі барысында клиенттерінің алдында шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындайды. Ол құрылыста жоғары сапалы материалдарды қолданады және объекттерді сатып, пайдалануға бергеннен кейін жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, тұратын жерлеріне қолайлы жағдайлар жасайды.

"Бұл біздің кінәмізден болып тұрған жоқ. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының техникалық бөлігіне де байланысты емес", – деп түсіндірді сату бөлімінің басшысы.

Александр Федоров нысанның екінші кезегінің бірінші бөлігін іске қосу биыл төртінші тоқсаннан 2025 жылдың екінші тоқсанына дейін жоспарланған және кесте бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.

"2024 жылғы қараша айының соңы – 40-44-блоктар, 2025 жылғы бірінші тоқсанның соңы – 22-31-блоктар, 2025 жылғы екінші тоқсанның соңы – 33-39-блоктар. Тұрғындарымыздың тұратын жерлері жайлы болуы үшін біз қосымша автотұрақ пен жерасты паркингін салуды да қарастырдық", – деді Александр Федоров.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)