Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

Аиса Махамбет Редактор
29.08.2024, 15:49
2741
Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды nationalbank.kz

Ұлттық банк 14,25% деңгейді өзгертпейтінін мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемеге қатысты шешім жасап, оны  14,25% деңгейінде сақтап қалды.

«Осы жылғы шілдеде инфляция аздап өсті. Дегенмен, ол Ұлттық банктің болжамы аясында қалыптасты. Айлық инфляция мен оның орнықты бөлігі едәуір қарқын алды. Дамыған елдердегі орталық банктердің тежеу саясаты нәтижесінде жаһандық инфляция баяулап келеді. Фискалдық ынталандыру көлемінің өсуі, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерінің (ТКҚ) реформасы аясында тарифтердің өсуінің жалғасуы, орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары инфляциялық жағдайлар есебінен экономикада проинфляциялық қысым күшейді. Ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт бойы ұстап тұруды талап етеді. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық жаққа ауып, 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені бүгінгідей деңгейде сақтау ықтималдығын арттыруға себепші болып тұр», - делінген ҰБ мәліметінде.

Жылдық инфляция 2024 жылғы шілдеде 8,6%-ға дейін өсіп, Ұлттық банктің болжамы шегінде қалыптасты. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтер бағасы өсіп келеді. Нарықтық қызметтер құнының айтарлықтай өсуі, өңдеу өнеркәсібіндегі өндірушілер бағасының өсуі және айырбастау бағамының әлсіреуі есебінен инфляция қарқын алды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының төмендеу динамикасы баяулады. Айлық инфляция шілдеде орташа тарихи мәнінен (0,3%) едәуір жоғары қалыптасып, 0,7%-ға дейін өсті.

Жаһандық инфляция жетекші орталық банктердің тежеуші ақша-кредит саясатының әсерінен баяулап келеді. Азық-түліктің әлемдік бағасы жылдық мәнде төмендей түсті. Алайда, оның қарқыны баяу. Астық бағасы біртіндеп төмендеу мүмкін.

«Болжамның базалық сценарийінде Brent маркалы мұнай бағасы 2024 жылы орта есеппен 1 баррель үшін 84,5 АҚШ доллары деңгейінде тұрақтанады деп күтіледі. Бұған ОПЕК+ мұнай өндірісін азайту мерзімін ұзартуы, АҚШ-тағы өндіру көлемінің бірқалыпты өсуі және Таяу Шығыстағы геосаяси белгісіздік негіз болды. Ортамерзімді перспективада мұнай өндіру деңгейінің өсуін және әлемдік экономиканың даму болжамдарын ескере отырып, мұнай бағасының 2025 жылы орта есеппен 82,5 АҚШ долларына дейін және 2026 жылы орта есеппен 77,5 АҚШ долларына дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі. 2024-2025 жылдарға арналған инфляция болжамы тиісінше 7,5-9,5% және 5,5-7,5% аралығында сақталды. 2026 жылы инфляция 5-7% деңгейінде болуы мүмкін. Ұстамды қатаң ақша-кредит саясатын жүргізу 2026 жылы базалық инфляцияның 5%-ға дейін баяулауына ықпал ететін болады», - деп аталып өткен Ұлттық банк ақпаратында.

Сонымен қатар, 2024 жылға Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,5-4,5% деңгейінде, 2026 жылға 4,9-5,9% деңгейінде сақталды. 2025 жылға болжам 5-6%-ға дейін біраз көтерілді. 2024-2026 жылдары ЖІӨ-нің өсуі негізінен ішкі сұраныс есебінен, оның ішінде фискалдық ынталандырудың өсуі аясында қамтамасыз етілетін болады.

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 11 қазанда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды