«Жеңіске сенімдімін»: Қайрат Боранбаев спортшыларға қолдау білдірді

Аиса Махамбет Редактор
29.08.2024, 17:31
720
«Жеңіске сенімдімін»: Қайрат Боранбаев спортшыларға қолдау білдірді ашық дереккөзден

Қайрат Боранбаев үндеу тастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парижде 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары басталды. Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев әлеуметтік желісіндегі парақшасында спортшыларды қолдап, жазба жариялады.

Түнде ашылу салтанатында Қазақстанның туын волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуден Севда Алиева ұстап шықты. Парижде Олимпиада ойындары үш рет өтсе, ал Паралимпиада ойындары алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ойынға әлемнің түкпір-түкпірінен 167-ге жуық мемлекет қатысады. Осы елдерден шамамен 4400-дей спортшы бақ сынасып, өзара мықтыларды анықтайтын болады. Оның ішінде Қазақстан атынан 44 спортшы бар.

Қайрат Боранбаев Instagram желісіндегі парақшасында спортшыларды мақтан тұтатынын атап өтті.

Биылғы жылы біздің команда Паралимпиада ойындарына қатысуға рекордтық лицензия тізімін алды. Біз өз спортшыларымызды мақтан тұтамыз. Баршаңызды Паралимпиада ойындарын тамашалауды, әлеуметтік желіде өз пікірлеріңізді білдіріп, жүректерді басып, спортшыларымызға қолдауларыңызды көрсетуіңізді сұраймын. Олар мұның бәрін көреді, есте сақтайды, - деп жазды ол.

Қайрат Боранбаев жеңіске сенімді екенін айтты. 

Спортшыларымызға да айтарым бар. Құрметті біздің спортшылар, сіздер Қазақстанның мақтанышысыздар. Біз сіздерге, жеңістеріңізге және еңбектеріңізге сенеміз, осы жылдар бойы Паралимпиадаға дайындалғандарыңызды көрдік. Сіздер ең жоғары нәтижелерге қол жеткізу қарсаңында тұрсыз, мен жеңіске сенімдімін. Сіздердің Парижге барғаныңыз жанкүйерлер ретінде біз үшін үлкен жеңіс болды. Бүкіл ел сендерді қолдайтынын ұмытпаңыздар. Алға, Қазақстан!, - деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті.

Айта кетейік, Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында бүгін қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен сайысқа түседі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды