Елдос Сметов өзінің өмірі туралы фильм түсіретінін айтты

29.08.2024, 20:30
942
Елдос Сметов өзінің өмірі туралы фильм түсіретінін айтты Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Ол кино арқылы ешкімге айтпаған оқиғаларын баяндамақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бұл туралы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

Дзюдошы спорттық жолы жастарға мотивация береді деп сенеді.

Негізі кино түсіру ойда бар. Өйткені тарихи жеңіс. Басымнан өткен оқиғаларды көп адам біле бермейді. Айтатын дүнием көп. Кішкентай балам қалай олимпиада чемпионы болды? Осы басымнан өткен дүниелерді кино етіп шығару жоспарда бар. Оны көрген бала мотивация ала алатындай ауқымды кино болатын болса, мен оған қуанамын. Бұл әңгіме өзіміз бір жүрген жақын бауырларымның арасында қозғалған. 2020 жылы олимпиада ойындарында қола алған сәтімнен бастап айтылып келе жатқан дүние. Сондай ойлар болған. Сол кезде Париж олимпиадасына дайындалып, алтын алып келейін, мансабымды әдемі аяқтайын, сосын әдемі кино түсірерміз дегенмін, - дейді Сметов.

Еске салайық, Елдос Сметов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро олимпиадасында күміс, 2020 жылғы Токио олимпиадасында қола, 2024 жылғы Париж олимпиадасында алтын медаль алып, чемпион атанған болатын.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады