«Біреудің мұрнын бұзғаны үшін бе?»: Асқар Жұмаділдаев қымбат сыйлыққа ие болған олимпиада чемпиондарын сынады

Аиса Махамбет Редактор
30.08.2024, 12:32
978
«Біреудің мұрнын бұзғаны үшін бе?»: Асқар Жұмаділдаев қымбат сыйлыққа ие болған олимпиада чемпиондарын сынады

Ғалымдардың елеусіз қалғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, “Ой-лайық” подкастына сұхбат беріп, спорт пен білімді бөлетіндерге үндеу жасады. 

“Кеше бір чемпион шықты. Біреудің мұрнын бұзып еді, оған машина да берді, жүз жылқыны да берді, түйені де берді. Әлі де беріп жатыр. Ойлап қарасаңыз, осындай жетістіктерге балаларымыз да жетіп жатыр ғой. Математикадан жыл сайын ұтып жатыр. Жыл сайын медаль әкеліп жатыр. Неге соларға ең болмағанда біреуі бір велосипед бермейді?! Меценаттар көмектесе болады ғой. Бір спортшы шықса, оған үйіп-төгіп Үкіметтен бастап береді. Кейін допинг қолданды деп шыға келеді. Кезінде бүкіл зілтемірші допингпен ұсталды. Солардың біреуі де сыйлығын қайтарған жоқ", — деп күйінді ғалым. 

Еске салайық, Париж олимпиадасының жүлдегеріне мемлекет қанша сыйлық беретіні белгілі болған еді. 

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарында алтын иеленгені үшін 250 мың доллар алды. Күміс жүлдеге жалпы 450 мың доллар бөлінген. Бұл сыйақыны спорттық гимнастикадан өнер көрсеткен Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен қатысқан Демеу Жадраев пен боксшы Нұрбек Оралбай алды. Ал қола жүлденің жалпы сомасы 300 мың доллар. Аталған сыйақыны пневматикалық винтовкадан атудан Александра Ле және Ислам Сәтбаев,  дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев пен боксшы Назым Қызайбай алды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген