Сальвадор Далидің 61 түпнұсқа еңбегі Астанаға жеткізілді

31.08.2024, 10:29
1003
Сальвадор Далидің 61 түпнұсқа еңбегі Астанаға жеткізілді Kazinform

Елорданың «Has Sanat» өнер галереясында Lumiere-Hall музейі ұйымдастырған «Сальвадор Дали. Құпия жазу» көрмесі ашылды. Экспозицияда сюрреалисттің 61 түпнұсқа литографиясы ұсынылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Lumiere-Hall музейінің негізін қалаушы Полина Егарминнің айтуынша, биыл сюрреализмге, әлемдік бейнелеу өнеріндегі авангардтық бағытқа 100 жыл толады.

Оған қоса, биыл әлем сюрреализмнің ең көрнекті шеберлерінің бірі Сальвадор Далидің туғанына 120 жыл толады.

картинасы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Қазір бүкіл әлемде көрмелер мен жәрмеңкелер өтіп жатыр, журналдарда тұтас нөмірлер осы тақырыпқа арналып, кітаптар мен альбомдар шығарылуда. Бүгінде Еуропаның, АҚШ-тың, Азияның кез келген үлкен қаласы сюрреализммен өмір сүреді. Біз Қазақстанның да осы әлемдік сюрреализмді тойлау картасына енгенін қаладық», - дейді Полина Егармин.

Көрмеде жеке коллекционер жинаған 61 түпнұсқа графикалық туындылар жинағы бар.

картина
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Бұл топтаманы елімізге әкелу үшін көп күш жұмсадық. Туындылар түрлі музейге көрмеге беріледі және біз өз кезегімізді бір жыл күттік. Жеке коллекционер бұл жұмыстары 10 жыл бойы жинақтаған. Музейлерден, жеке коллекционерлерден, тіпті диванның артынан кездейсоқ табылған жұмыстар бар», - дейді спикер.

Экспозиция құрамына «Кармен», «Алисаның ғажайыптар елінде», «Далиниан жылқылары», «Махаббат трилогиясы» серияларының литографиялары, сондай-ақ Педро де Аларконның «Треуголка» повесіне арналған 20 иллюстрациясы енген.

картина
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Музей басшысының айтуынша, Сальвадор Дали өзінің картиналарымен ғана емес, көптеген өнертанушылар атап өткен эксцентристік ерсі қылықтарымен де танымал болды.

«Ол суретші ме, әлде шоумен бе – бұл туралы барлық өнертанушылар, мәдени қайраткерлер пікір таластырып келеді. Дали мен Пикассо өмірде өте танымал және табысты болды. Барлығы олардың жұмысын қалағандықтан туындылар қолжетімді болуы үшін баспа графикасына көшті. Бұл өнерді элиталық емес, қолжетімді етуге тырысқан алғашқы суретші және бұл да өте маңызды», - деп қорытындылады П. Егармин.

картинасы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

С. Дали туындыларының көрмесі 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады