Кинотеатрға мультфильм көруге келген түркістандық балаларға жыныстық қатынас сахналанған жарнама көрсетілген

Аиса Махамбет Редактор
31.08.2024, 13:48
869
Кинотеатрға мультфильм көруге келген түркістандық балаларға жыныстық қатынас сахналанған жарнама көрсетілген zhambylnews.kz

Түркістан кинотеатрлары үлкен экранда бүлдіршіндер жасына сай келмейтін контент көрсеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі қолданушысы Молдияр Ергебек әлеуметтік желіде Түркістан кинотеатрларындағы жарнама жөнінде жазды. Бұл туралы turkystan.kz жазды.

«8 жасар қызыммен бірге мультфильм көру үшін Кинопарк кинотеатр желісінің Түркістандағы филиалына бардық (Хадиша плаза кинопарк). Әрбір фильм көрсетілместен бұрын жақында көрсетілімге кіретін фильмдердің жарнама роликтері жүреді, 10 минуттай. Балаларға арналған сеанста ересектерге арналған фильмдердің жарнамасы жүрді. Ал фильм жарнамалары әрдайым фильмнің ең драмалық, ең трагедиялық немесе ең күлкілі сахналарын қолданады. 10 минуттың ішінде кішкентай ғана қызым әрбәлені көрді: жыныстық қатынасы бар сахналар, асылып өлейін деп жатқан адам, үй ішіндегі аса қатыгез зорлық-зомбылық және тағы басқа... Бұл өте сұмдық жағдай. Балаларға арналған сеанста тек балаларға арналған контенттің жарнамасы жүруі керек», - деп жазды М. Ергебек.

 Сондай-ақ ол кинопарк және тағы басқа кинотеатр желілері бұны білмесе ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі оларға айтып міндеттеуі керек екенін атап өтті.

«Қызымды әңгімеге айналдырып қорқынышты сахналарды көруден аулақ ұстауға тырыстым, алайда кинотеатрда бұны жасау мүмкін емес. Елімізде суицид жасау жасы бүлдіршін жастағыларға дейін төмендеген мына заманда, мұндай қорқынышты оқиғалардың себептерінің бірін осынау 10 минуттық жарнама роликтерінен де іздеуге болады деп ойлаймын. Қадірмен оқырмандарым, бұл сұмдықты бәріміз бірігіп тоқтатайық. Бұл жағдайға үн қосыңыздар! Балалардың психикалық және физиологиялық денінің сау болуы біз ересектерге байланысты екенін ұмытпайық», - деді жазба авторы.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды