«Жауға бара жатқандай жылайды»: танымал журналист қыз ұзатылғанда сыңсу айтуға қарсы шықты

Аиса Махамбет Редактор
31.08.2024, 16:42
1110
«Жауға бара жатқандай жылайды»: танымал журналист қыз ұзатылғанда сыңсу айтуға қарсы шықты arhipov.kz

Журналист Гүлмира Әбіқай сыңсудың тарихын айтып, қазіргі қыздардың ұзатуда ағыл-тегіл жылауын сынға алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгінде ұзатылған қыздың сыңсу айтуы заманға сай емес, дейді журналист Гүлмира Әбіқай. Бұл туралы халықтың пікірі екіге бөлінді.

Қазақ қыздары не үшін сыңсып жылады десеңіз еркінен тыс байға, шалға, малға қосылғаны үшін шерін тарқатты. Ал, қазір қыздарымыз еркін, өз таңдауы өзінде.

«Қанша жерден дәстүр десек те, меніңше тым ерсі. Өз басым ақ жол үстіндегі қызды жылатқанша шөлпілдетіп сүйіп, құшып, қысып жібермей, ақылын айтып тұрғандарға да қарсымын. Ата-анасы маңдайынан иіскеп ақ батасын берді ма болды, бойжеткен артына қарамай зыту керек», — деп жазды журналист.

Оқырмандар арасында сыңсу айтып ұзатылу дұрыс дегендер де табылды.

«Кезінде қыздың бәрі малға сатылды, теңіне барған жоқ деуде үстірт түсінік. Бұл ата-бабадан келе жатқан дәстүр ғой, қыз жақсы жерге өз еркімен барса да, өз еркімен бармаса да бәрібір жатжұрттық. Өз ұясынан ұшқанда жылайды. Дұрыс. Мен қызды ұзату тойы бітер бітпестен, түн ішінде алып кетуге қарсымын. Қазақ қызды тойдан кейін бір-екі күн аялдап, сәтті күннің бірінде күндіз шығаратын болған».

«Дәстүрі қазақтың балалығымен, ел -жұрт, ата -анасы мен бауырлары, туған үйімен қоштасу, туған жерімен. Олай ат -усті «заманаули» етіп жазудың қажеті жоқ сияқты. Шалға кеткендер ғана айтқан деген өте жаңсақ пікір, керісінше оларды бұлай ұзата алмаған. Еркінен тыс алып кеткен».

«Қазіргі заманда керек емес-ау?! Әркім өз қалауымен шығады ғой тұрмысқа. Әрине,қыз берген оңай емес, жүрегің езіліп-ақ тұрады. Тастай батып, судай сің деп жатады ғой», — деп жазды желі қолданушылары.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді