873

ШҚО шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі

Жұмысшылар ажал құшты.

ШҚО шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі
depositphotos.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» шахтасында көз жұмған 4 адамның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл туралы Kazinform жазды.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев «Ертіс» шахтасында қаза болған жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Жұмысшылардың екеуі «Шығыстүстімет» ЖШС-ның, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкері. Тағы бір зардап шеккен жұмысшы ауруханаға жатқызылды.

«Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл үшін облыстық жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр», - дейді өңір басшысы Ермек Көшербаев.

Материал авторы