Жамбыл тұрғыны әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өзіне қол салмақ болған
Келіншегі өлгенін түсінгенде өзін де өлтірмек болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қанды оқиға 29 тамыз күні Масанчи ауылында таңғы уақытта болған.
Күйеуі пышақтаған әйел қайтыс болды. Келіншектің қайтыс болғанын түсінген ер кісі өзіне қол салмақ болған. Өмірімен қоштаспақ болған тұрғын аман қалып, ауруханаға жатқызылды.
Полицейлер аталған фактіні 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тіркеді. Тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші