Қазақ қызына үйленетін Нариман Құрбанов Алматыдан үшінші пәтеріне ие болды

01.09.2024, 13:48
941
Қазақ қызына үйленетін Нариман Құрбанов Алматыдан үшінші пәтеріне ие болды бейнежазбадан алынған кадр

Бұған дейін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Алматы қаласынан екі пәтер алған еді. Оның біреуін әкімдік, екіншісін демеушілер берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Конституциясы күніне орай Алматыда №9 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов марапатталды. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Алматының Билалдин Ушуров бастаған кәсіпкерлері отандық спортшыға 2 бөлмелі пәтерге сертификат табыс етті.

«Ең алдымен, меценаттарымызға, бизнесмен ағаларымызға маған екі бөлмелі пәтер сыйлаған үшін алғысымды білдіргім келеді. Шындығында, мен мұндай сыйлық аламын деп күткен жоқпын. Бұл үлкен бақыт, мен үшін бұл менің жаңа өмір жолыма үлкен көмек болады. Менің тарихи жеңісім үшін мұндай сыйлық маған әрі қарай  көп жаттығуға мотивация береді. Мен алдағы төрт жылда алтын медаль алу үшін бар күшімді саламын», – деді Нариман Құрбанов.

Бұған дейін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Алматы қаласынан екі пәтер алған еді. Оның біреуін әкімдік, екіншісін демеушілер берген.

Айта кетейік, жақында Нариман қазақ қызы Аида Бауыржановаға үйленеді. Тойлары қыркүйек айына жоспарланған.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген