1 "П" сыныбы: Алматыдағы мектептердің бірі 17 бірінші сынып қабылдады (ФОТО)

01.09.2024, 14:30
4383
1 "П" сыныбы: Алматыдағы мектептердің бірі 17 бірінші сынып қабылдады (ФОТО) nur.kz

Әр сыныпта 30 баладан оқымақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласындағы №204 мектеп жаңа оқу жылында 17 бірінші сынып қабылдады. Оның әрқайсында 29-30 оқушы бар, деп KAZ.NUR.KZ жазды. 

Алатау ауданында орналасқан мектеп биылғы оқу жылын 3525 оқушы, 124 сыныппен бастағалы отыр. Мектеп директоры Гүлжан Бекенова бала санының көп болуы білім сапасына әсер етпейтінін айтады. Өйткені оқу ордасы бұрын бұдан да көп оқушыны қабылдаған.

"Мектептің ашылғанына көп болған жоқ. Биыл үшінші жаңа оқу жылын бастағалы отырмыз. Ең алғашқы жылы 19 бірінші сынып қабылдасақ, былтыр олардың саны 17 болды. Бала санының көптігі білім сапасына әсер етпейді. Мектеп 1800 орынға арнап салынған. Балалар екі ауысыммен оқиды. Кадр жетіспеуі де жоқ", - деді мектеп директоры.

Мектеп басшысының сөзінше, кейінгі жылдары Саялы ықшам ауданына басқа өңірден көшіп келгендер көп. Әрі бір үйден 5-6 баласын оқытып отырған көпбалалы отбасылар да бар. Оқушы санының көп болуы осымен байланысты дейді Бекенова.

"Алатау ауданы қазір көркейіп келеді. Бірнеше тұрғын үй нысандары салынып жатыр. Оған көшіп келіп жатқандар балаларын біздің мектепке береді. Әрі демографиялық өсім де бар", - деді ол. 

Мектепте білім күніне орай салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау соғылды. Балалар аудан ішінде оқу ордасына қауіпсіз қатынауы үшін оларды 6 мектеп автобусы тегін таситын болады.

Алматы қаласы бойынша жалпы 28 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттаған. Әрі биыл бірінші сынып оқушылары әдеттегіден 4 мыңға аз.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)