«Бапкер Бақтиерді ұнатпайды»: Түркиядағы Зайнутдиновтің жағдайы белгілі болды

01.09.2024, 15:51
848
«Бапкер Бақтиерді ұнатпайды»: Түркиядағы Зайнутдиновтің жағдайы белгілі болды Besiktas

Клуб бапкері Бактиерді ұнатпайтыны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның «Бешикташ» клубы туралы жазатын журналист Серджан Дикме Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов туралы сауалға жауап берді.

Еске салайық, қазақстандық футболшы маусым басталғалы ешбір матчқа қатысқан жоқ. Ол тіпті, жаздағы оқу-жаттығу жиындары кезіндегі жолдастық кездесулерде де ойнамаған.

«Клуб бапкері Бактиерді ұнатпайды. Сондықтан алаңға шықпайды. Алайда, футболшы Түркияда қалғысы келеді. «Бешикташтан» өзінің кеткісі жоқ. Бірақ Зайнутдиновке бапкер көп мүмкіндік береді деп ойламаймын. Ол негізінен қосалқы құрамда отырады», - дейді Дикме.

Айта кетейік, Зайнутдинов «Бешикташ» сапына 2023 жылы Мәскеудің ЦСКА клубынан ауысып барған. Келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Transfermarkt футболшының құнын 5 миллион еуроға бағалап отыр.

«Бешикташ» клубын қазір танымал нидерланд футболшысы Джованни ван Бронкхорст баптайды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды