«Алты жыл жүріп, қалай зорлады?»: Әнарудың адвокаты көпшіліктің сұрағына жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
02.09.2024, 10:57
4778
«Алты жыл жүріп, қалай зорлады?»: Әнарудың адвокаты көпшіліктің сұрағына жауап берді ашық дереккөзден

Адвокат қызды қорламауға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты істе Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің сауалына жауап берді. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.    

«Баян Есентаеваның (Алагөзова) ісі естеріңізде ме? Бірінші күйеуінің қандай баптармен сотталғаны? Бақытбек Есентаевтың сотталған статьяларының бірі зорлау еді ғой. “Алты жыл жүріп, қалай зорлады дейді? Өзі жүрген ғой” дегендердің есіне салып отырмын. Бақытбек Баянмен пәлен жыл бір шаңырақта тұрған, ортақ балалары бар, заңды күйеуі болған. Бағана бір типа еркек “ашыналар шықты, енді күйеуім зорлады деп шығатын қазақ әйелін күтеміз” депті. Сұмдық тауып айттым деп жазды ғой, енді, өзінің түсінігінде. Күйеуін зорлағаны үшін соттатқан қазақ әйелі барын ұмытып кеткен-ау. Пәлен жыл өз еркімен болып келген өз әйелі ғой, неге зорлады деп, жыныстық қатынасқа түскені үшін іс қозғалып, сотталды, Баянның экс күйеуі?…», – дейді адвокат.

Ол екі оқиғаны салыстырып, әйел затын қорламау керегін атап өтті.

«Өйткені соққыға жыққанымен қоймай, ауыр халде жатқан дәрменсіз әйелмен еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Кейбіреулерге осылай заң тілімен түсіндіруге мәжбүр боп отырмын, айып етпессіздер. Әнарудың да жағдайында осылай болған. Алты жыл бойы емес, алғашында дәрі беріп, арам ойын жүзеге асырып, сосын арызданбасын деп, алдап-арбап келген. Ал, ең соңғы кездесуде сөйлесіп, ара қатынасын айқындап алғысы келген қызға күш көрсетіп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Осы әрекетті зорлау деп атайды. Қадірменді ұятсыз еркекті ақтаушы ағайын, түсіндіре алдым ба? Әлсіз әйел затын қорлауда ауызға абай болайық, бәріміз қыз өсіріп отырмыз. Өмір-бумеранг…», – деп жазды ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады