Елдос Сметов сыйға алған Lexus LX 600, 100 жылқы және пәтерін туыстарына таратып берген

02.09.2024, 12:12
2710
Елдос Сметов сыйға алған Lexus LX 600, 100 жылқы және пәтерін туыстарына таратып берген el.kz

Сондай-ақ, алғашқы бапкері мен достарына да Елдос ерекше сый жасаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов елге келгеннен бергі сыйлықтарын қайда жаратып жатқанын айтты. Даңқты балуан журналист Динара Сәтжанға сұхбат берген.

Есте болса, Сметов Қазақстанға келгенде Жамбыл облысының әкімдігі мен жергілікті демеушілер бірігіп су жаңа Lexus LX 600 көлігін мінгізді. Ол көлікті Елдос әкесіне бергенін айтты.

Ал бизнесмен Жұмабек Жанықұлов берген Mersedes көлігін Олимпиада чемпионы өзі тізгіндемекші. Тіпті мемлекеттік номеріне дейін Елдостың өнер көрсететін салмағымен бірдей (060).

Париж Олимпиадасының жеңімпазы Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Жерлестері де оған Haval 6 көлігін мінгізген болатын.

«Бұл көлікті мені бес жасымнан бастап тәрбиелеген, спортқа махаббатымды оятқан Ахмет Жұмағалиға сыйладым. Ол кісінің жасы қазір 74-те», - дейді Елдос Сметов.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімдігі демеушілермен бірлесіп чемпионға бес бөлмелі пәтер сыйлаған. Ол өзінде қалды. Сондай-ақ екі бөлмелі пәтерін жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке тарту еткен.

Жамбыл облысының дзюдо федерациясының президенті арыстанның терісін берген, оны спортшы досына сыйлапты.

Төреғали Төреәлі сыйлаған тұлпар қазір Шымкентте екен. Ал, ақтөбелік кәсіпкер Әнуар Маханов берген 100 жылқыны Елдос екінші ағасына бергенін айтты.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды