933

Астанада абитуриент университеттен музыкалық аспап ұрлаған (ВИДЕО)

Баянды өзімен алып кетпек болған.

Астанада абитуриент университеттен музыкалық аспап ұрлаған (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада абитуриент университеттен музыкалық аспап ұрлаған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Құжаттарын тапсырған күні ол аспапты университет бөлмесінен байқап қалған. Бөлмеге жасырын кірген жігіт баянды ұрлап, негізігі шыға берістен шығып кеткен. Ол өз әрекетімен 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қаскүнемді анықтады. Ол осы университеттің 18 жастағы талапкері болып шықты.

Жас жігіт жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған құрал тәркіленіп, білім мекемесіне қайтарылды. Тергеу барысында жас жігіттің іс-шараларда музыкант болып жұмыс істейтіні және алдағы қойылымға аспап қажет болғаны белгілі болды.

Астана қаласы полиция департаменті бөтеннің мүлкін иемдену қылмыс ретінде сараланып, қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін ескертеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор