«Сырласатын адамым кемде кем»: Дана Нұржігіт ұлына арнап жазба жариялады

Аиса Махамбет Редактор
02.09.2024, 18:41
1318
«Сырласатын адамым кемде кем»: Дана Нұржігіт ұлына арнап жазба жариялады жеке мұрағатынан

Ұлының ерекше қасиетін айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Танымал журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт ұлының ерекше қасиетін айтып, жазба жариялады.

Журналист бала күнін де есіне алып, тылсым дүниелерді басынан кешкенін баяндап берді. 

“Кеше Әлім ұйқысынан ояна салысымен үйді ақтарып, бірдеңе іздеп жүр. Не іздедің десем, күнделігім қайда дейді. “Мам, түс көрдім. Тез жазып алуым керек! Кәдімгі клип көрдім! Ұмытып қаламын әйтпесе, тез!” дейді. Жасөспірім кездегі өзімді көргендей болдым! О,тоба! Дәл осылай шала бүлініп, ойымдағыны жазып үлгеретін бір жапырақ қағаз іздеп кететінім. Түсімде ұшып, неше түрлі акробатикалық жаттығу жасап, жеп-жеңіл болып қалықтап жүретінім есіме түсіп кетті. Қандай тамаша кез! Қиялдың шегі жоқ, кедергі жоқ, шеті жоқ…”, – деп бастады әңгімесін медиа маманы. 

Одан кейін бүгінде ұлынан артық сырлас ешкімі жоқ екенін де айтып, идеяның бәрін баласынан алатынын жасырмады. 

“40 жасқа таяғанда босанғанымда, ертең заман өзгеріп жатқанда балама ілесе алам ба деген алаң бар еді. Қазір менің Әлімнен асқан тілдесетін, сырласатын адамым кемде кем. Екеуміздің әңгімеміз бітпейді. Тосын идея, түрлі жаңалықты Әлімнің арқасында аңғарып, меңгеруге тырысамын.Әншейін сөйлесіп отырып, шашымнан сипап: “Мам, көзіңіз сондай әдемі! Маған деген махаббатыңызды көремін…” дегенде…”, – деп жазды БАҚ өкілі. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды