«Жағдайы айтарлықтай ауыр»: Ербаян Мұхтаровтың қазіргі хәлі белгілі болды

02.09.2024, 19:18
956
«Жағдайы айтарлықтай ауыр»: Ербаян Мұхтаровтың қазіргі хәлі белгілі болды kursiv.media

Жарты жылдан бері комада жатқан сарбаз Ербаянның жағдайы туралы министр айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова Ұлттық ұлан сарбазы басынан өткерген жайтқа пікір білдірді. Ербаян Мұхтар әскерден ауыр жағдайда оралған. 

Журналистер Ұлттық ұлан сарбазы жарақатпен үйіне оралғаны туралы оқиға көпшілікке мәлім болғанға дейін Қорғаныс министрлігі де, Денсаулық сақтау министрлігі де Ербаян Мұхтарды емдеумен айналыспағанын сұрады. 

"Біз өз тарабымыздан оның жағдайы қалай екенін, қазір қайда екенін бақылап отырмыз. Егер оған тиісті көмек қажет болса, біз де көмектесуге дайынбыз. Жалпы оның жағдайы қазір айтарлықтай ауыр.

Сондықтан бүгін сіз айтып отырған мәселелер бойынша – қосымша күтімге, медбикелерге, қатысты көмек қажет болса, тағы да көреміз. Егер біздің тарабымыздан қосымша қызметшілер қажет болса, қамтамасыз етеміз", - деп сендірді Ақмарал Әлназарова. 

Бұл ретте ол гигиена құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері Еңбек министрлігінің қарауында екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін желіде әскерге кеткен жас жігіттің мүгедек болып қайтқаны туралы ақпарат тараған еді. Жағдайға Ұлттық ұланының баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

"Қатардағы Мұхтардың басынан жарақат алу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу барысы ІІМ ӘТД басшылығының бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды