966

«Қатты жел, найзағай мен нөсер жауын»: Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күнге арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет Қазақстан бойынша 3-5 қыркүйек күндері аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қатты жел, найзағай мен нөсер жауын»: Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күнге арналған ауа райы болжамын жасады
mk-kz.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталатынын ескертті.

Республиканың солтүстігінде, шығысында 3 қыркүйек күні найзағай болып, нөсер жаңбыр жауады. Елдің шығысындағы кей жерлерде түнде қар аралас жауын-шашын болжануда.

Ал Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда. Республика бойынша жел күшеймек. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болып, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады. 

Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.

Материал авторы