Павлодарда жаттықтырушы он жастағы қызды зорлаған
Кішкентай қызды футбол бапкері зорлаған боп шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда футбол бапкері 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.
Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді.
Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ПБ Уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция хабардамасында.
Тергеу барысы Павлодар облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші