Министр Балаева: Драма жасаудың қажеті жоқ

Аиса Махамбет Редактор
03.09.2024, 11:28
976
Министр Балаева: Драма жасаудың қажеті жоқ бейнежазбадан алынған кадр

Журналистерге қатысты ережені күшейткен Аида Балаева Масс-медиа туралы құжатты сөз етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер жұмысына байланысты жаңа ереже бойынша пікір білдіріп, мемлекеттік органдардың бәрі өз қызметі туралы айтуға мүдделі, сондықтан драма жасаудың қажеті жоқ деді. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Биыл Қазақстанда БАҚ туралы заң өзгеріп, тамызда "Масс-медиа туралы" деп аталған жаңа құжат күшіне енген. Кейін мәдениет және ақпарат министрінің журналистерді аккредиттеудің жаңа қағидалары бекітілген бұйрығы жарияланды. Министр Аида Балаева қол қойған бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік әрбір орган журналистерге арналған ішкі тәртібін бекітеді. Ал оны екі реттен артық бұзған тілші аккредитациядан айырылып, ол органға алты ай кіре алмайды.

Журналистердің бірі министрге "бір апта емес, екі апта да емес, бірден алты айға аккредитациядан айыру қайдан шықты?" деген сұрақ қойды.

"Бір апта не бере алады? Біз бірге жұмыс істеуді үйренуіміз керек. Сіздер мемлекеттік қызметкерлердің этикасы туралы айтсаңыздар, біз журналистердің этикасы туралы айтып отырмыз. Екі тарап та [этика талабын] сақтауға тиіс. Мен әріптестерімді қорғап жатқан жоқпын. Мен де сіздердің толық және пайдалы ақпарат алуларыңызға мүдделімін. Бірақ брифингтерде тақырыптан алыстап бара жатқанымызды көргенде, мемлекеттік қызметкерлер қорлағанда я журналистер әдепсіз әрекет етіп жатқанда, әрине, мұны реттеу керек" деді Балаева.

Балаева "журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында төреші боламын" деді.

Жаңа қағидалардан соң үкімет үйінде өзгеріс болып, журналистерді министрлер кабинеті отырыс өткізетін қабатқа кіргізбейтін болды. 27 тамызда үкіметтің баспасөз қызметі БАҚ өкілдерін төменгі қабаттағы баспасөз орталығына көшіріп, отырыс өтетін залға қарай көтерілуге тыйым салған.

"Құқықтық медиа орталық" ұйымының өкілі, заңгер Гүлмира Біржанова журналистерді аккредиттеудің жаңа ережесі мемлекеттік органдар үшін "ыңғайыз тілшілерді шектеудің" таптырмас құралына айналады деп санайды. Ол министр Балаеваның бастамасымен әзірленген құжатта БАҚ өкілдерінің емес, тіркеу жүргізетін мекеменің мүддесі басымырақ әрі оларға берілген құзірет шексіз деп айтқан.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды